Выгодные микрокредиты

akf-logo
Тілді таңдаңыз

«Азиялық Несие Қоры»
Микроқаржылық ұйымы» ЖШС купондық облигациялары

2024 жылдың қазан айында «Азиялық Несие Қоры» Микроқаржылық ұйымы» Қазақстан қор биржасына алғашқы облигациясын шығарды.
Облигацияның негізгі параметрлері:
• Облигациялық бағдарламаның мөлшері – 6 млрд теңге
• Алғашқы сатылымның шектік мөлшері – 2 млрд теңге
• Тикер: MFCF
• Номиналдық құны – 1 000 теңге
• Бір купон – жылына 21%
• Айналым мерзімі – 2 жыл
• Купондық төлемдер жиілігі – тоқсан сайын (жылына 4 рет)
• Биржа – KASE
• Сатылым басталатын күн – кейінірек белгілі болады
Қаржылық консультант және андеррайтер: Центр Кредит Банкінің еншілес ұйымы BCC Invest инвестициялық компаниясы.

БРОКЕРДІ ТАҢДАУ

BCC Invest компаниясында шот ашу үшін https://www.bcc-invest.kz/ сілетмесіне өтіп, компанияның сайтында өтініш қалдыру қажет (https://www.bcc-invest.kz/openaccount) немесе App Store, Google Play арқылы BCC Trade қосымшасын жүктеп алыңыз.
Мобилді Қосымшаға сілтеме:
App Store: https://apps.apple.com/kz/app/bcc-trade/id1438319109
Google Play: https://play.google.com/store/apps/details?id=mobi.wemake.bcc&pli=1
Шотты ашу жайында толығырақ ақпаратты 303 байланыс орталығына хабарласу арқылы немесе sales@bcc-invest.kz поштасына жазып алуыңызға болады

Есепшот ашу үшін сізге тек жеке куәлік немесе паспорт қажет. Сондай-ақ SMS алу үшін мобильді нөмір керек.
1-қадам. Tradernet.Global мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз. Оны App Store немесе Play Market-тен тегін жүктеуге болады.

2-қадам. Қосымшаны ашып, тіркеліңіз. Тіркелу үшін электрондық поштаңызды енгізіп, құпия сөз ойлап табу жеткілікті.

Назар аударыңыз: Егер сіз қазірдің өзінде Tradernet-те тіркелген болсаңыз және Freedom Broker-де басқа брокерлік есепшотыңыз болса, басқа электрондық поштаны пайдалану қажет. Немесе өзіңіздің электрондық поштаңызды көрсетіп, "@" белгісінің алдына +1 қойыңыз. Мысалы, user+1@gmail.com.

3-қадам. «Сауда есепшотын ашу» батырмасын басыңыз. Қаласаңыз, қосымшаның мүмкіндіктерін зерттеу үшін «Демо-режимді сынап көру» опциясын таңдауға болады.

4-қадам. Телефон нөмірін растаңыз. Тексеру коды бар SMS жіберілетін нөмірді енгізіңіз.

5-қадам. Азаматтық және тұрғылықты мекенжайыңызды толтырыңыз.

6-қадам. Есепшот ашудың негізгі мақсаты — бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызмет алу екенін растаңыз.

7-қадам. Брокерлік есепшотты толықтыруды жоспарлап отырған ақша көздерін көрсетіңіз. Тізімнен таңдаңыз немесе «Басқа» бөлімінде өз нұсқаңызды жазыңыз.

8-қадам. Салық реквизиттерін толтырыңыз. Әдетте бұл кезеңде:
  • ЖСН енгізу;
  • Сіз жария лауазымды тұлға болып табыласыз ба белгілеу;
  • Freedom Broker компаниясы туралы қайдан білгеніңізді көрсету жеткілікті.

9-қадам. Қызмет көрсету ережелерімен танысыңыз.

10-қадам. SMS-тен кодты енгізіңіз немесе қосымшаға оны автоматты түрде толтыруға рұқсат етіңіз.

11-қадам. Құжаттарды верификациядан өткізіп, селфи-тексеруден өтіңіз.

12-қадам. Барлығы дайын! Сіз құжаттарыңыз бен селфиіңіздің тексеру статусы көрсетілген экранды көресіз. Тексеру әдетте шамамен екі минутқа созылады. Аяқталған кезде қосымша «Сәтті аяқталды!» деген хабарлама береді.
Брокерлік есепшот ашылған кезде, сізге бұл туралы электрондық пошта арқылы хабарлама келеді.

Halyk қосымшасында инвестициялық есепшотты қалай ашуға болады
  • Halyk қосымшасын ашыңыз.
  • Басты бетте «Инвестициялар» батырмасын басыңыз.
  • Тіркеуден өтіп, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

Брокерлік есепшотты Jusan мобильді қосымшасында онлайн ашуға болады:
• «Қызметтер» бөліміне кіріңіз;
• Қосымшаның басты бетіндегі "Инвестициялар" бөлімінде "Есепшот ашу" батырмасын басыңыз*
*Маңызды: есепшот ашу 1-ден 3 жұмыс күніне дейін уақыт алуы мүмкін. Есепшотты ашу және жүргізу — тегін.

Құжаттарды дайындаңыз Брокерлік келісімшартты және қызмет көрсету туралы келісімді «Интернет-трейдинг» платформасында https://brokeraccount.post.kz сілтемесі арқылы немесе «Қазпошта» АҚ-ның кез келген филиалында жасай аласыз (Бұл қызмет тегін ұсынылады).

Есепшотыңызды толықтырыңыз «Қазпошта» АҚ-да ашылған брокерлік есепшотыңызды ақша қаражатымен толықтырыңыз. «Қазпошта» АҚ-ның «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ-дағы реквизиттері арқылы.

Платформаға қосылыңыз «Интернет-трейдинг» платформасына қол жеткізу үшін «Қазпошта» АҚ сайтына тіркелу қажет.

Акцияларды және облигацияларды сатып алыңыз Бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату өтінімдерін растау үшін электрондық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Барлық брокерлік компаниялардың тізімін осы сілтемеден таба аласыз
Азиялық несие Қоры Микроқаржылық ұйымы нарықта 2001 жылдан бері жұмыс істейді

Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдардың арасында 9 орында

Микроқаржылық ұйымдардың арасында Несие портфелі бойыншна 9 орында

2023 жылда активтер 33,2 млрд теңгеге дейін 40% өсті, несие портфелі 26 мрлд теңге, жеке капитал 4 млрд теңгені құрайды. NPL – 4,1 % төмен.

2024 жылдың 1 тамызына берілген ақпаратқа сай компанияда 13 филиал 64 кеңсе және 600-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді

БАЙЛАНЫСТАРЫ

біздің компанияның
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін 04.03.2021 жылғы № 02.21.0008.М лицензия
Бас кеңсенің мекен жайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Әуезов к. 60 үй, 4 қабат, 410 кеңсе